Ерлан Алдажұманов мемлекеттік шекараның қорғанысын арттыру жыл сайын жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Журналистер Шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың шетелге қашу оқиғасынан қандай сабақ алғанын сұрады, деп жазады ulysmedia.kz.
Ерлан Алдажұманов мемлекеттік шекараның қорғанысын арттыру жыл сайын жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Біз талапқа сай күзетеміз. Барлығы жоспарлы түрде істеліп жатыр. Жыл сайын бізде жоспар бар. Тауларда, құмдарда және шөлде – барлық жер бойынша қорғанысты күшейту бойынша шаралар айқындалған. Олар шешім шығарсын, содан кейін біз қайда, неге, және қалай екенін анықтаймыз", - деді ол.
Алдажұманов қылмыстық істі тергеумен Бас прокуратура айналысатынын еске салды.
"Сіз оның қалай қашып кеткенін білесіз бе? Мен де білмеймін. Тергеудің аяқталғанын күтейік. Мен Бас прокурор емеспін, сұрақты сонда қойыңыз. Мен тергеу жүргізбеймін", - деп түйіндеді ол.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сот шешімі бойынша Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сәуірдің басында генералдың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткені хабарланған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
27 сәуірде Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын мәлім еткен.
Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Серік Күдебаевтың елден қашуына ІІМ жауапты емес екенін айтты.
Ал жуырда Қырғызстанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың қашу ісі бойынша төрт күдікті тергеліп жатқаны белгілі болды.