"Шесхарис" мұнай базасына шабуыл жасалды: Қазақстан мұнайына залал келді ме

0
75

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлшектері құлап, салдарынан өрт шықты.


фото:: Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)

ERNUR.KZ. Новороссийсктегі "Шесхарис" трансфер ауыстырып тиеу мұнай базасына Киев режимінің ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасады. Бұл туралы Краснодар өлкесінің жедел штабы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Шабуыл салдарынан жағалау құрылыстары да зақымданды. Оқиға орнында жедел және арнайы қызметтер жұмыс жасап жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ", - деп жазды штабтағылар.
Кейіннен Новороссийсктегі "Шесхарис" ауыстырып тиеу кешенінде болған өрт жойылды деп хабарланды.
"Ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлшектері құлап, салдарынан өрт шықты. Бірақ кейіннен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Краснодар өлкесінің жедел штабы.
Қазақстанның энергетика министрлігі "Шесхаристегі" оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, мұнай тасымалына нұқсан келген жоқ.
"Қазіргі уақытта "Атырау – Самара" және "Ақтау – Махачкала" бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау штаттық режимде, шектеусіз жүргізіліп жатыр. Министрлік "Транснефть" компаниясымен тұрақты байланыста. Барлық процесс ведомствоның жіті бақылауында", - деп хабарлады энергетика министрлігі.