Шет мемлекеттерде 8800 қазақстандық дауыс берді - СІМ

0
538

​Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады.


Шет мемлекеттерде 8800 қазақстандық дауыс берді - СІМ

ERNUR.KZ. Шетелдерде 8800 қазақстандық дауыс берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған.

«Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады»,- деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 22:10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды. Осылайша, дауыс беруге құқылы 12 035 578 азаматтың ішінен 6 521 860 адам сайлауға қатысты.