Шетел валютасында берілген ипотекалық несиелер қайта қаржыландырылады

0
1 222

​Екінші деңгейлі банктердегі 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетел валютасында берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға 133 миллиард теңге бағытталмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкті қабылдаған қаулыда айтылған.


Шетел валютасында берілген ипотекалық несиелер қайта қаржыландырылады

Екінші деңгейлі банктердегі 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетел валютасында берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға 133 миллиард теңге бағытталмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкті қабылдаған қаулыда айтылған,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстан тұрақтандыру қоры» Акционерлік қоғамына:

1)ҚР Ұлттық Банк басқармасы тарапынан мақұлданған 30 маусым 2017 жылғы № 129 Қазақстан республикасының банк секторының қаржылай тұрақтылығын арттыру мақсатындағы Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 133 000 000 000 (бір жүз отыз үш миллиард) теңге мөлшеріндегі қаржыны , сондай-ақ орналастырылған субординарлы облигациялар бойынша 23 000 000 000,00 (жиырма үш миллиард) теңге мөлшеріндегі сыйақыны Бағдарламаның 2 бөлігіне сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген ипотекалық тұрғынүй заемдарын (ипотекалық заемдар), қайжа қаржыландыруға бағыттау тапсырылсын», -делінген қаулыда.

Құжат 27 наурызда қабылданған.