Шетелде демалып келген қазақстандықтардың 80 пайызынан коронавирус анықталады - ДСМ

0
2 431

Олардың көбісі Мысырдан ұшып келген жолаушылар.


Шетелде демалып келген қазақстандықтардың 80 пайызынан коронавирус анықталады - ДСМ

Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41% - ы Египеттен, 27% - ы Мальдивтен, 16% – ы БАӘ-мен және 8,3% - ы Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-нда коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51.