Шетелдегі Қазақстан азаматтарына төлқұжат беру мерзімі қысқарады

0
596

Бүгінгі таңда құжат 80 күн әзірленеді.


Шетелдегі Қазақстан азаматтарына төлқұжат беру мерзімі қысқарады

ERNUR.KZ. eGov.kz порталы арқылы әлемнің 23 еліндегі Қазақстан азаматтарына электронды қызмет көрсетіліп жатыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

«Қазір әлемнің 23 еліндегі кез келген қазақстандық неке қиюға немесе бұзуға, тууды, қайтыс болуды және атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге қатысты өтінішті eGov.kz порталы арқылы бере алады», – деді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, алдағы уақытта шет мемлекеттердегі Қазақстан азаматтарына төлқұжат беру мерзімі қысқарады.

«Бүгінгі таңда құжат 80 күн әзірленеді. Бұған ақпараттық жүйенің жоқтығы және құжаттардың дипломатиялық поштамен жіберілетіні себеп болып тұр. Мәскеу елшілігінде қанатқақты жоба іске қосылды. Шара шеңберінде төлқұжат беру мерзімін 30 күнтізбелік күнге дейін шегеру көзделіп отыр. Болашақта шет мемлекеттерде база орнатылады. Ол бізге төлқұжат беру мерзімін 18 күнге қысқартуға мүмкіндік береді», – деді Бағдат Мусин.