Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

0
2 485

Өткен тәулікте еліміз аумағына 13 халықаралық әуе рейсі келді.


Шетелден келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

20 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2 155 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 828 адам, анықтамасыз 327 ҚР азаматты келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 682 жолаушы, анықтамамен - 1 430, анықтамасыз - 252;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 398; анықтамасыз - 75.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 19 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет
Анықтамасыз келген 337 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.