20 желтоқсанда 363 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді.
20 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Италия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, Ресей, Беларусь, және Қырғызстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 824 қазақстандық келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 2461 адам, анықтамасыз 363 адам келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әуежайына – 10 рейс (1 633 жолаушы, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз – 143);
Нұр-Сұлтан әуежайына – 8 рейс (1 142 жолаушы, анықтамамен - 922; анықтамасыз – 220);
Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 31 жолаушы анықтамамен келді);
Өскемен әуежайына – 1 рейс (барлық 18 жолаушы анықтамамен келді).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
19 желтоқсанда тиісті анықтамасыз ұшып келген 237 қазақстандықтың үшеуінен ПТР-талдау нәтижесі бойынша коронавирус анықталған. Олардың екеуі Нұр-Сұлтан қаласына Минскіден, біреуі Франкфуркттан ұшып келген.