​Шетелдіктерге жер беріліп жатыр ма – министр жауабы

0
170

2024 жылы Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша 3,7 мың әкімшілік іс қозғалып, 500 млн теңге айыппұл салынған.


​Шетелдіктерге жер беріліп жатыр ма – министр жауабы

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте жер мәселесі туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп жазады inform.kz.

− Әлі күнге дейін желіде «Қазақстан Қытайға кең көлемде жер телімін береді» деген ақпарат айтылып жүр. Осыған байланысты өз аузыңыздан нақты жауап естігіміз келеді, − деді тілшілер.

− Шынында Жер ресурстарын басқару комитеті бізде. Жерді біз бақылауда ұстаймыз. Өйткені Жер кодексіне байланысты, шетелдіктерге ешқандай жер берілмейді. Арендаға да берілмейді. Сондықтан ешқандай жер беріліп жатқан жоқ. Ол фейк. Онда өзіміздің шаруашылықтар жұмысын жасап жатыр, − деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметте өткен брифингте.
Айта кетейік, Қызылордада мемлекет меншігіне өткен жер шаруаларға беріліп жатыр.
2024 жылы Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет жүргізген тексерулердің қорытындысы бойынша 3,7 мың әкімшілік іс қозғалып, 500 млн теңге айыппұл салынған.
Сондай-ақ, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ауа райы болжамдарын баяндап, құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады және егін егу жұмыстарын ертерек бастауды ұсынды.