Шетелге демалуға баратын туристерге қатысты заңға өзгеріс енгізілді

0
658

Одан бөлек, заң жобасында басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізуді ұсынылған.


Шетелге демалуға баратын туристерге қатысты заңға өзгеріс енгізілді

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанда шетелге демалуға шығатын азаматтарға туристік код беру ұсынылды, деп жазады baq.kz.

Төменгі палатаға келген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова депутаттарға ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, шетелге шығатын туристерді қорғау шаралары күшейтіледі.

Шығу туризмінде туристерді қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау ұсынылады. Туроператорлар ұйымдастырған шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін енгізу, сондай-ақ кепілдік беру сомаларын жинау және қайтару тәртібін регламент тәртібін енгізу жоспарлануда, - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Одан бөлек, заң жобасында басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізуді ұсынылған.

Басым туристік аумақты енгізу – заң жобасының негізгі новелласы. Басым туристік аумақ құру мақсаттары: синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілетін арттыру, туристік кластерге кіретін туристік ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру, ресурстарды (материалдық, зияткерлік) туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелеріне шоғырландыру. Басым туристік аумақ – туристік салаға инвестиция мен халықаралық стандарттарды енгізуді көздейтін іс-шаралар кешені. Аумақты (географиялық шекараларды) ҚР Үкіметі айқындайды, - дейді министр.