Құжаттарды жолдамас бұрын қордың ресми сайтындағы онлайн алдын ала тексеру сервисінен өтуге болады.
ERNUR.KZ. Егер сіз шетелге тұрақты қоныс аударған болсаңыз немесе басқа елдің азаматтығын алған жағдайда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар. БЖЗҚ бұл төлемдерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді, деп жазады baq.kz.
Төлем алуға құқылы тұлғалар:
- Шетел азаматтығын алған Қазақстанның бұрынғы азаматтары;
- Қазақстан азаматтығы жоқ тұлғалар;
- Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және БЖЗҚ-да жинақтары бар адамдар.
Құжаттарды тапсырудың үш тәсілі
Зейнетақы төлемдерін алу үшін құжаттарды үш түрлі жолмен беруге болады:
- БЖЗҚ бөлімшесіне жеке барып тапсыру;
- Сенім білдірілген тұлға арқылы рәсімдеу;
- Аймақтық филиалға пошта арқылы жолдау.
Құжаттарды жолдамас бұрын қордың ресми сайтындағы онлайн алдын ала тексеру сервисінен өтуге болады. Бұл процесті жылдамдатуға көмектеседі.
Заңдастыру талаптары және тексеру тәртібі
Шетелден алынған құжаттар міндетті түрде заңдастырылып, аударылып ұсынылуы тиіс.
БЖЗҚ деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексереді. Қазақстан азаматтығы жоқ екендігі расталған жағдайда төлем 10 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
Қаражат тек өтініш иесінің жеке банк шотына аударылады:
- Қазақстанда – теңгемен,
- Шетелде – қалаған валютамен шетелдік банк шотына.


