Жеті жастағы бала аулада жоғалып кеткен.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында полицейлер мен еріктілер жеті жастағы ұл баланы іздестіріп жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz.
Бүгін түн ортасында полицияға жеті жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткен. Бала сұр түсті "Украина" велосипедімен жүрген.
Зубовск ауылында баланың үйден бір күн бұрын шамамен сағат 16:00-де шыққаны анықталды, қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Ата-анасы басында өздері іздеп, ол нәтиже бермеген соң ғана полицияға жүгінген.
Эдуард Жилиевтің белгілері: шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстінде сұр футболка, сұр спорт шалбары, қара-сұр түсті кроссовка болған.
"Полиция қызметкерлері Зубовск ауылының жергілікті тұрғыны 19 жастағы жігіт Эдуардпен бірге болғанын анықтай алды, содан кейін екеуі белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жоғалған баланың қайда екені туралы кез келген ақпараты бар адамдар болса, "102" жедел каналына хабарласуыңызды сұраймыз", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.