ШҚО-да мас күйде көлік басқарған әкім жол апатына ұшырады

0
695

Сот шенеунікті әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.


ШҚО-да мас күйде көлік басқарған әкім жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. ШҚО-ның Алтай ауданына қарасты ауылдардың бірінде мас күйде көлік тізгіндеген әкім жол апатына ұшырады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

YK-news жазуынша, сот шенеунікті әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

«1 қазанда Алтай ауданына қарасты ауылдық округтердің бірінің әкімі қызметтік Chevrolet Niva көлігінің рөлінде келе жатып, тұрғын үй ауласында тұрған ВАЗ 21099 көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасы Алтай қаласында болды», - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы жол жүру ередесіне қатысты кінәсін мойындап, сараптамадан өтті. Анықталғандай, Алтай аудандық сотының материалдарына сәйкес ол жол-көлік оқиғасы кезінде мас күйде болған. Медициналық тексеру жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын анықтады.

«Жаза ретінде сот құқық бұзушыны 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды», - делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.