Оқиға осы жылдың 7 мамырында болған.
ERNUR.KZ. Биыл 7 мамырда Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Шу аудандық сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы үкімімен сегіз тұрғынға қатысты 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, 7 мамыр түнгі сағат 01:30 шамасында Шу қаласындағы вокзал маңындағы алаңда полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан болатын. Құжаттарды көрсетуді сұрағанда жүргізуші мен көлікте болған белгісіз адам полиция қызметкерлерінің талабын орындаудан бас тартқан. Олар полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, шабуыл жасай бастаған. Сонымен қатар, жақын маңдағы кафе мен алаңнан бір топ адам жиналып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын келтіріп, қаруларын тартып алмақшы болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданған болатын.