Шығармашылық оқу орындарында қос дипломды білім беру бағдарламасы әзірленеді

0
578

Шығармашылық оқу орындарында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламалары әзірленеді.


Шығармашылық оқу орындарында қос дипломды білім беру бағдарламасы әзірленеді

ERNUR.KZ. Бұл жайында еліміздің Мәдени саясатының тұжырымдамасын таныстырған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Шығармашылық оқу орындарында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламалары әзірленеді. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін сұраныс жоғары мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысы қамтамасыз етілетін болады. Ал мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қызмет көрсететін мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын кеңейту балаларды көбірек қамтуға көмектеседі. Сондай-ақ, мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін кезең-кезеңімен әлеуметтік қолдау іс-шаралары қарастырылады», - деп жазады министр Telegram парақшасында.