Қайғылы оқиғаға жол апаты себеп болған.
Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жер-2024" оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішінде қимылсыз жатқан жүргізушіні алып шықты", - делінген хабарламада.
Жеңіл автокөлік Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 километр қашықтықта жол апаты салдарынан Төре Тоған каналына түсіп кеткен.