Шығыс Қазақстан облысында тепловоз әйелді қағып кетті

0
466

Мамандар жазатайым оқиға болды ма, әлде әйел өз-өзіне қол жұмсады ма соны тексеріп жатыр.


Шығыс Қазақстан облысында тепловоз әйелді қағып кетті

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тепловоз әйелді басып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамандар жазатайым оқиға болды ма, әлде әйел өз-өзіне қол жұмсады ма соны тексеріп жатыр.

"Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігімен "Өскемен-1" стансасындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялануға жатпайды", - деді ШҚО көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі.