Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада төрт адам қаза тапты

0
588

Қайғылы оқиға 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған.


Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада төрт адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі "Востокцветмет" ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.


Қайғылы оқиға 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған. Алдын ала мәлімет бойынша кеншілер белгісіз заттан уланып көз жұмған.

Тағы бір адам Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Кенішке иелік ететін KAZ Minerals компаниясы "Востокцветмет" ЖШС кенішіндегі жұмысшылардың өлімінің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу үшін KAZ Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук Ертіс кенішіне жеке қатысу үшін барған", - деп хабарлады компания.

KAZ Minerals қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, "отбасына жан-жақты көмек көрсетуге" уәде берді.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті "Востокцветмет" ЖШС-не қарасты шахтада болған оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады облыстық полиция.