Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
ERNUR.KZ. Бүгін елімізде ҚР мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде. Шымкент қаласының №16 сайлау округі бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру заң аясында ұйымдастырылған. Қазығұрт шағынауданындағы №69 сайлау учаскесінде тұрғындар таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасап жатыр.
Шағынаудан тұрғыны Айнұр Құралбайқызы азаматтарды саяси іс-шараға белсене қатысуға шақырды.
–Бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Еліміздің болашағы үшін дауыс беруге келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы қоғамның, азаматтардың өмір сапасының жақсаруына әсер ететін сайлауда тұрғындар белсенділік танытуы тиіс, – дейді ұлағатты ұстаз.
№ 69 сайлау учаскесінде шағынаудан тұрғындары белсенділік танытып, дауыс беруде. Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.