"Басым қақ жарылып" мен қалдым.
ERNUR.KZ. Басы ауырып, балтыры сыздаған адам міндетті түрде жедел жәрдем қызметкерлерін шақыратыны белгілі. Осы орайда, белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан қиналған сәтте медицина мамандарын үйіне шақырып, "көрген сұмдығын" әлеуметтік желіде жайып салды, деп жазады Skifnews.kz.
Тележүргізушінің жазбасына көзжүгіртсек, оның үйіне келген жедел көмектесетін медицина маманы "Дәрі бере алмаймын, укол сала алмаймын" деп жүйкесін жұқартқан көрінеді.
"Жазсам ба екен, жазбасам ба екен. Мен өмірімде 4 рет ғана жедел жәрдем шақырыппын. Оның үшеуі толғақ қысқанда. Онда да екеуінде кешіккен соң, (лихие 90годы) перзентханаға өзіміз жеттік. Кеше түнде 4-ші рет,(ақырғы рет болсын деп тілеймін!). Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы 9 подстанция келді. Дәрігер-фельдшер ме? Нұржігітов.
Давление: 130/90:
- Сұрақ: Хронич.аурумен тіркеуде барсыз ба?
- Жоқ.
- Бұрын көтерілетін бе еді давлениеңіз?
- Жоқ, алғаш рет болып тұр.
- Давлениеңіз 130/90 - Дәрі бере алмаймын, укол сала алмаймын, показание жоқ.
- Менің рабочий давлением 90/60 пен жүгіріп жүрем, мынау мен үшін өте жоғары, мне плохо. Енді не істеу керек демеймін бе?
- Көк шай ішіңіз, (а теперь внимание).
- "Сходите по маленькому" может поможет" дегені. Әй, айналайын-ау, несіне келдіңдер, көтеріліп тұрғанын өзім де білем, өлшеп отырмын, укол сал".
- "Жоқ сізді мен бірінші рет көріп тұрмын, 140-тан жоғары давлениеге ғана укол салып көмек бере аламыз или жүріңіз больницаға.
- Онда не істейді, то же самое вам скажут.
- Ал керек болса, кетті сонымен, "басым қақ жарылып" мен қалдым. Түнгі сағат бір.
Министр Біртанов мырза!
Кепілдендірілген медициналық көмек қайда? ОСМС туралы аптасына екі рет радиодан сарнап отырмын! Өзім "Ұлт саулығы" хабарында: бәрі күшті болады, бәрі керемет деп. МРТ, КТ бәрі енді тегін болады деп. И я не смогла молодого врача Нуржигитова убедить, чтоб он мне оказал помощь. Күлейін бе, жылайын ба? Ведь всю жизнь работаю, приношу пользу стране. Не брала эти годы ни больничные листы, не курю, не пью, ответственна за свое здоровье, не смогла ОДНУ таблетку, ОДИН УКОЛ выпросить у врача скорой помощи. НОНСЕНС", - деп жанайқайын жазған Қымбат Досжан Денсаулық министрінің назарына үлкен сұрақ қалдырып, жедел жәрдем қызметкерінен бір түйір дәрі не бір екпе ала алмағанын айтты.
Алдағы уақытта Елжан Біртанов, ел алдында жүрген медиа тұлғаның өзекті сұрағы мен қынжылысына мардымды жауап беру-бермеу уақыт еншісінде.