Тағы бір жағдай балабақшадан анықталды.
ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мектептердің кезекші топтарындағы коронавирусқа қатысты жағдай туралы баяндады, деп жазады zakon.kz.
"Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде КВИ жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді, олардың сегізі білім ордаларында, сондай-ақ біреуі балабақшадан анықталды", - деді Қожахметов.
Ол аталған мекемелерде барлық қажетті эпидемиологиялық шаралар қабылданып жатқанын қоса кетті.
КВИ анықталған оқушылармен байланысты тұлғалардың барлығы 14 күнге үй карантинінде болады, - деді министрлік өкілі.
Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптағы 4 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.