Жалғас Асқар 2001 жылы Петропавлда дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысынан бұрынғы шенеунік өз еркімен әскер қатарына аттанды, деп жазады Stan.kz.
Жалғас Асқар 2001 жылы Петропавлда дүниеге келген. Колледжде заңгер мамандығын алған соң Спасовский ауылдық округінің әкімдігіне жұмысқа орналасты. Сол жерде жетекші маман болып еңбек ете бастаған ол ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушыға дейін көтерілді.
Бірақ кейін ол Отан алдындағы борышын өтеймін деп шешім қабылдапты. Әскери борышын Жалғас Асқар Қапшағай гарнизонында материалдық-техникалық қамтамасыз ету отрядында аттанған. Мұнда күзет ротасында атқыш болып қызмет етеді.