Неке сарайында көз жұмған әйелдің екі баласы мемлекет қамқорлығына алынды

0
92

Балалардың әкесі кісі өлтірді деген күдікпен тергеуге алынған.


Неке сарайында көз жұмған әйелдің екі баласы мемлекет қамқорлығына алынды

фото: Esi Grünhagen

ERNUR.KZ. Ақтөбеде неке сарайында кісі қолынан қаза тапқан 26 жастағы әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды, деп жазады sputnik.kz.
КТК мәліметінше олардың алдағы уақытта кімнің қамқорлығына берілетіні заң аясында шешіледі.
"Отбасылық жағдайларға байланысты екі кәмілетке толмаған бала "Үміт" балалар үйіне орналастырылды. Аталған жағдай балалар құқығын қорғау басқармасының және құқық қорғау органдарының бақылауында. Балаларға қатысты қабылданатын шешімдер заңмен белгіленген тәртіпте және кәмелетке толмағандардың заңды мүддесін ескере отырып қабылданады", - дейді Ақтөбе облыстық балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев.
Еске сала кетейік, балалардың анасын бұрынғы күйеуі неке сарайында пышақтап тастаған. Олар заңды некеде болмаған. Күдікті қамауға алынды.