Ведомство басшысы бюджетті игере алмаған министрліктерді атады.
ERNUR.KZ. ҚР Қаржы министрі Әлихат Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында 2018 жылы мемлекеттік бюджетті игеру көрсеткішері туралы айтты, деп жазады baq.kz.
«2018 жылы мемлекеттік бюджетті игеру 99,7% құрады. Жоспар бойынша – 11793 млрд теңге игерілу керек болса, іс жүзінде – 11 758 млрд теңге игерілді. Республикалық бюджет бойынша бұл көрсеткіш – 99,99%. Жоспардағы 9,7 трлн теңгенің 1,5 млрд теңгесі игерілмеген. Оның ішінде 17 млрд теңге – бұл шұғыл және күтпеген шығыстарға арналған Үкімет резервінің қалдығы, 300 млн теңге – үнемделген қаржы және 1,5 млрд теңге – жеткізу шарттары талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінің қалыс қалу есебінен игерілмеген қаражат», - деп атап өтті министр.
Ведомство басшысы бюджетті игере алмаған министрліктерді атады.
«Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі – 310 млн теңге, Білім және ғылым министрлігі – 255 млн теңге, Қорғаныс министрлігі – 214 млн теңге игермеген. Жергілікті бюджеттер бойынша игеру 99,7% құрады. Атқарылмағаны – 161 млрд теңге. Төмендегі өңірлер жоспарланған соманың басым бөлігін орындай алмаған: Маңғыстау – 7,2 млрд теңге, Қарағанды – 2 млрд теңге, ШҚО – 1,7 млрд теңге», - деді Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.