Бұған дейін бала туу бойынша куәлікке тапсырыс беру қызметі де проактивті форматта іске қосылған болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына push-хабарламалар жіберу арқылы проактивті қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба басталды, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде проактивті, яғни, адам іздеп жүрмейтіндей қызмет көрсету шаралары кеңейіп келеді. Мемлекеттің өзі оны алуға ұсыныс жасайды. Осылайша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, мобильді қосымшаға push-хабарламалар жіберу арқылы проактивті қызметтер көрсету мүмкіндігін іске асырды. Принцип бірдей, яғни белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде push-хабарлама жіберіледі және пайдаланушының оң жауабы болған жағдайда оған тиісті төлемдер тағайындалады.
"Мысалы, бала туған кезде ата-анаға бала тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі, оны тағайындау үшін осы хабарламаға келісіммен жауап беру жеткілікті", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, бұған дейін бала туу бойынша куәлікке тапсырыс беру қызметі де проактивті форматта іске қосылған болатын.