Бүгінгі таңда өңірде 6 млн 300 мың тонна астық бастырылған.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында биылғы астық жинау науқаны ерекше нәтижемен аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар әр гектардан орта есеппен 20 центнерден бидай жинап, соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп жазады 24.kz.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде 6 млн 300 мың тонна астық бастырылған. Биыл облыста 4,5 млн гектар жерге дән себілген болатын.
Қазір өңірде 900 мың тоннаға жуық майлы дақыл жиналды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл солтүстікқазақстандық шаруаларға 160 млрд теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген.
Қазіргі таңда облыстағы астық 45 элеваторда қабылданып, сақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.