28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетті.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп жазады tengrinews.kz.
Қызметкердің өлімі туралы ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.