Соңғы хаты бар: Ақтөбеде 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті

0
526

Ақтөбе қаласы «Есет батыр» тұрғын алабында қыздың денесі табылды.


Соңғы хаты бар: Ақтөбеде 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 2007 жылы туған қыз көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті. Марқұм өзіне қол салмас бұрын хат жазып кеткен, деп жазады inform.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 14:00–де болды.

Ақтөбе қаласы «Есет батыр» тұрғын алабында қыздың денесі табылды.

— Көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеу барысында оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.