Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

0
61

Нұрқанат Серікбаев Хорватиядағы Гран-приде жеңіске жетіп алты сатыға жоғарылады.


Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Хорватиядағы Гран-при турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте алты сатыға жоғарылады, деп жазады inbusiness.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Оған сәйкес, 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрқанат Серікбаев 2748 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады.

Бұл салмақта жапониялық Хифуми Абэ 5200 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында 5000 ұпай жинаған оның отандасы Такеши Такеока болса, тәжікстандық Нурали Эмомали 4400 ұпаймен үздік үштікті түйіндейді.

Рейтингте басқа да қазақстандық дзюдошылардың көрсеткіші жақсарды. Аман Бақытжан (60 келі) үш саты жоғарылап, 2145 ұпаймен 22-орынға жайғасты. Ал Ғалия Тынбаева (48 келі) 13 сатыға көтеріліп, 1141 ұпаймен 38-орынға табан тіреді.

Сондай-ақ Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) алты сатыға жоғарылап, 1235 ұпаймен 40-орынға орналасты. Эсмигүл Куюлова (63 келі) он сатыға көтеріліп, 1103 ұпаймен 36-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, екі қазақстандық дзюдошы Загребте өткен Гран-при турнирінде күміс медаль жеңіп алған болатын.