Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары, Бас мемлекеттік санитар Ерлан Қиясов «Спутник V» вакцинасын қабылдағаннан кейінгі иммунитет кем дегенде 2 жыл сақталуы мүмкін екендігін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ды құрағанын хабарлады. Сондай-ақ «Спутник V» вакцинасын қабылдағаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Вакцина коронавирустың «британдық» және «Оңтүстік Африка» штамына қарсы тиімді», - деді ол.
Бас санитардың айтуынша, вакцинаны жасаушылар «Спутник V» коронавирус әсерінен болатын орташа және ауыр қауптен 100% қорғайды.