Су тарифтері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып белгіленеді

0
120

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың халық үшін ауыз суға тарифті дербес белгілеу ережелері енгізілді.


Су тарифтері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып белгіленеді

ERNUR.KZ. Бұл ретте оның мөлшері тиісті жылдың 1 қаңтарындағы республика бойынша орташа тариф шегінде болуға тиіс. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

Спикер Су кодексіне сәйкес мәслихаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және сумен жабдықтау қызметтеріне қолданыстағы тарифтерді ескере отырып, ауыз судың 1 текше метріне ақы мөлшерін дербес реттей алатынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар халық үшін оның құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде», – деп түсіндірді ол.

Бақытжан Жүнісбеков су тұтыну нормативтері бір адамға тәулігіне 140 литрден асып кеткен жағдайда, халық артық көлем үшін 30% жоғары мөлшерлемемен төлейтінін айтты.