Су тасқыны: Ақтөбеде тұрғын үйлердің қазығы қағылып жатыр

0
360

Құрылысшыларға "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының 10 сарбазы көмектесуде.


Су тасқыны: Ақтөбеде тұрғын үйлердің қазығы қағылып жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Ырғыз ауданында жұмыс сапарымен болды, деп жазады baq.kz.

Алдымен, ол Ырғыз ауданы орталығында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысын бағамдады. Мұнда 50 тұрғын үй бой көтермек. 11 мердігер компания құрылысқа қажетті барлық материал бар деп отыр. Қазіргі таңда кейбір тұрғын үйдің іргетасы құйылса, 3 үйдің қабырғасын қалана бастады.

Асылбек Есенбаев мердігерлерге құрылыс жоспарға сәйкес, уақытылы аяқталу керектігін, эвакуациялық пунктегі тұрғындар жаңа баспаналарын күтіп отырғанын алға тартты. Тұрғын үйлердің құрылысы - облыс басшылығының қатаң бақылауында.

Құрылысшыларға "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының 10 сарбазы көмектесуде.

Нұра ауылының тұрғындары үшін салынатын баспаналардың құрылыс жұмыстарына да мердігерлер кірісті. 12 маусым күні тұрғын үйдің іргетасын қазуға техникалар жеткізілді. Ал бүгіннен бастап геодезистер әрбір тұрғын үйдің қазығын қағып жатыр.

Ырғыз ауданында су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасы екінші нарықтағы үйге көшсе, 134 отбасы жаңа баспананы күтуде.