Бұл технология жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалауға мүмкіндік береді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа коттедждердің құрылысын онлайн режимде бақылауға болады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Тасқын.Қолдау сайтында облысты таңдап, әрбір өңірде салынып жатқан баспананың құрылыс барысын көруге мүмкіндік бар. Ол үшін құрылыс алаңдарында бейнебақылау камералары орнатылды.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 8 елді мекенде 16 бейнебақылау камерасы бар. Сол арқылы әрбір үйдің құрылысын бақылауға болады.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан әрбір өңірде салынып жатқан коттедждердің эскизін салыстырып көрді. Ал Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті табысталды. Ол үйлерді 40 күннің ішінде салып бітірді.