Суға батып кеткен 5 жасар қыздың отбасына үй әперу үшін қаражат жинау басталды

0
1 086

Жылу жинауды бастаған бүлдіршінді іздеуге қатысқан қала тұрғыны.


Суға батып кеткен 5 жасар қыздың отбасына үй әперу үшін қаражат жинау басталды

ERNUR.KZ. Суға батып кеткен қостанайлық 5 жасар Мадина Ерланқызының қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Жомарт жандардың бастамасымен кішкентай қыздың анасы мен бауырларына баспана алып беру үшін қаражат жинау басталды. Бұл туралы Қостанай облысының тұрғыны Асылан Кенжетай Инстаграм парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Соңғы 4-5 күн бүкіл қазақ елін Ерланқызы Мадинаның жағдайы бәрімізді алаңдатты. Жанымызды шүберекке түйіп, барлығымыз жақсы хабар күтіп отырдық. Енді өздеріңіз естігендей, осындай жаман хабар келіп жетті. Біз қазір Ерланқызы Мадинаның үйіндеміз. 41 шаршы метр шағын ғана 2 қабатты үйдің екінші этажында тұрмыз. Сбор ашамыз деп жатырмыз кешелі бері. Біздің алдымызда алаяқтар көп екен. Сондықтан ешкімге алданып қалмас үшін сіздердің алдарыңызға арнайы шығып тұрмыз", - деді Асылан Кенжетай.

Айта кетейік, жылу жинауды бастаған қала тұрғыны жоғалған бүлдіршінді іздеуге қатысқан болатын.

Осыған дейін Қостанайда жоғалған бес жасар қыздың денесі судан табылғанын жазған болатынбыз.