Сүйіктісін қызғаныштан өлтірді деп айыпталған астаналық мәйітті қазып алуды талап етті

0
750

Айыпталушы бұрындары да қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.


Сүйіктісін қызғаныштан өлтірді деп айыпталған астаналық мәйітті қазып алуды талап етті

ERNUR.KZ. Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта елордада айуандықпен адам өлтіру ісі қаралып жатыр, - деп жазады тengrinews.kz.

Аса ауыр қылмысты жасады деген күдікті 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оған өзінің сүйген қызын 18 сағат бойы-ұрып соғып, қинаған деген айып тағылған. Сот отырысы кезінде сотталушы аыйптаумен келіспеді.

"Мәйітті эксгумация жасау бойынша оң шешім шығаруларыңызды өтінемін. Қайтадан сот-медициналық сараптама тағайындалуын, маған қатысты тағылған айып бойынша бапты өзгертуді сұраймын. Мен өз кінәмді мойындаймын, мен тек бірнеше соққы жасадым, бірақ өлтірген жоқпын", - деді ол сотта.


Қайтыс болған қыздың әпкесі Айгүлім Еркенов - сол жақта, Ботагөз Сүтпаева - оң жақта.

Айыпталушының өтінішін сот қанағаттандырмады, өйткені құжаттары дұрыс рәсімделмеген және келесі сот отырысында, 2020 жылы 19 ақпанда қаралады.

Айыпталушы бұрындары да қылмыстық жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Еске салайық, қайтыс болған қыздың әпкесі Айгүлім Еркенованың айтуынша, оқиға 2019 жылы 26 қазанда болған. Оның айтуынша, сол күні Асқар Қ. Ботагөзді көшеден күтіп алып, оны ұра бастаған. Содан кейін оны өзімен бірге таксимен алып кеткен, таңертең қыздың мәйітін көлікке салып, оны "Көктал" ықшамауданына алып келген. Сол жерде полицияға қоңырау шалып, кісі өлтіргенін мойындаған.