"Суицидтің себебі - басқа": Алматыда өзіне қол жұмсаған оқушының достары оқиға туралы айтты

0
804

Марқұмның досы Дариға Жаңабаева жағдайдың екіұшты екенін айтты.


ERNUR.KZ. Өз-өзіне қол жұмсаған Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушының достары болған оқиға туралы өз ойларымен бөлісті, деп жазады Stan.kz

Марқұмның досы Дариға Жаңабаева жағдайдың екіұшты екенін айтты. Жасөспірім күзгі баллға әдеттегідей келген. Бірақ бір сәтте ол дос қызының белдемшесін сұрап, әзіл ретінде киіп көрген.

"Бірақ осыдан кейін мұғалімдер ұлдарға белдемше киюге болмайтынын айтты. Оны ұрсып, психологқа апарды. Психолог оған: "сіз қалаған нәрсені киюге құқығыңыз бар, бірақ дәл мектепте ұлдарға белдемше киюге тыйым салынады" деді. Бұдан соң мұғалімдер баланың ата-анасын шақыртып, бірге үйге алып кеткен. Сол жердегі жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсаған болуы керек", - деді ол.

Қыздың айтуынша, суицид тек белдемшеге байланысты емес, түсу түймесінің кесірінен де болған.

"Бұның бәрі бастапқыдан отбасындағы мәселерге қатысты болды деп ойлаймын. Мен нақты білмеймін, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Бірақ менің пайымдауымша, белдемшеге қатысты жағдай суицидтің нақты себебі емес", - деді Дариға Жаңабаева.

Сонымен қатар, ол қоғамның мектеп психологына қарсы шыққанын дұрыс деп есептемейді. Өйткені ол жігітті қолдаған.

"Мектеп қызметкерлерінің балаларды осындай ұсақ-түйектерге байланысты кемсітуі дұрыс емес, өйткені ол жай ғана күзгі баллға белдемше киді ", — деп қосты ол.

Айта кету керек, Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларға қатаң дресс-код қойып қойған. Ол бойынша ұлдар тек қысқа шаш пен қара шалбар, ал қыздар тізеден асатын белдемше киюі керек. Бірақ күзгі баллға, әдетте, мектеп оқушылары өздері қалағандай киіне алады.

Жұма күні физика-математика бағытындағы НЗМ оқушылары болған жағдайға наразылықтарын білдіру үшін сабаққа белдемше киіп келген. Дариға Жаңабаеваның айтуынша, жасөспірім оқыған химия-биологиялық бағыттағы мектептің балалары да белдемше киіп келуді келуді жоспарлаған. Бірақ оларынан түк шықпапты.

Қыз қазір мектептерде буллинг мәселесін қолға алу керек деп ойлайды. Көбінесе балаларда ересектер мен қоғам назар аудармайтын суицидтік ойлар пайда болады. Мұндай балалардың қасында болып, қолдау керек.

"Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде психологиялық атмосфера басқа мектептерге қарағанда әлдеқайда жақсы деп санаймын. Өйткені онда білікті психологтар көп. Бірақ жүктеме өте көп, Сондықтан балалардың демалып, өз істерімен айналысуға уақыты жоқ. Меніңше, бұл ұлкен мәселе. Балаларды аз жүктеме беру керек, өйткені бұл оларға психологиялық тұрғыдан қысым көрсетуі мүмкін", — деді қыз.

27 қазанда Алматыдағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Желіде оған "Гарри сауық кешіне" белдемше кигені үшін мектеп әкімшілігі айқайлап, кейін оны психологқа сүйреп әкелгені айтылды. Баланың әрекеті үйде жанжалға ұласып, артынша ол 11-ші қабаттан секіріп кеткен. Қазір қайғылы жағдайға қатысты "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.