Тағы да бір бала жоғары қабаттан құлап кетті

0
1 214

Көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала ауруханада жатыр


Тағы да бір бала жоғары қабаттан құлап кетті

фото:Stan.kz

ERNUR.KZ. 16 тамызда Теміртауда бір жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп жазады. Stan.kz

Соңғы кезде көпқабатты үйдің терезесінен құлау оқиғалары көп кездеседі. 16 тамыз күні небәрі бір жастағы бала екінші қабаттан құлады. Оқиға Теміртау қаласында тал түсте болды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекованың айтуынша, сәби ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккен бала ауруханада жатыр. Оның жағдайы туралы айтылған жоқ.