Бұған дейін мұндай шешімді Халық банк қабылдаған болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстанда тағы екі банк тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің кредитін есептен шығарады, деп жазады sputnik.kz
Сбербанк пен Homecredit кредитті кешіруге дайын. Сондай-ақ банктер заңды және жеке тұлғаларға төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл мен айыппұл салуды төтенше жағдай кезінде тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Бұған дейін Халық банк марқұмдардың қарызын есептен шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлады мемлекеттік арна.
Айта кетері, бірнеше екінші деңгейлі банк төтенше жағдай кезінде уақытында төленбеген кредит үшін өсімпұл өндірмейтінін хабарлаған болатын.