Талдықорғанда екі жасар қыздың балабақша терезесінен құлаған сәті видеоға түсіп қалған

0
4 398

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді терезенің алдына өзі апарып қойған


Талдықорғанда екі жасар қыздың балабақша терезесінен құлаған сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы шағын орталықтың екінші қабатынан кішкентай баланың құлау оқиғасының видеосы пайда болды, деп хабарлайды inform.kz.

Бейнебақылау камерасына жазылған кадрларда оқиғаның қалай болғаны анық көрінеді. Ақ халат киген маман кішкентай баланы көтеріп, терезенің алдына тұрғызады. Терезенің жанында тұрған тағы бір баланы терезеге шығарады. Бейнежазбада тәрбиеші сынды көрінген маман бір баланың жамбас тұсынан ұрғанға ұқсайды. Осы сәтте терезеде тұрған екінші бала сыртқа құлап кетеді. Қазір желі қолданушылары терезеге апарған маманды жазалауды талап етіп, түрлі пікірлер жазуда.

Оқиға 15 мамыр күні Талдықорғандағы «Қарлығаш» шағын орталығында болған. Қазір осы фактіге орай соталды тергеу басталды. Іс ҚР ҚК 141 бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Ал зардап шекккен екі жастағы бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.