Талдықорғанда ер адамды қарақұрт шағып, жансақтау бөліміне түсті

0
109

Желі қолданушысы талдықорғандықтарды барынша сақтанып жүруге шақырды.


Талдықорғанда ер адамды қарақұрт шағып, жансақтау бөліміне түсті

Фото: Видеодан скрин/Instagram.com/krisp.tdk

ERNUR.KZ. Жетісу облысының тұрғындары өңірде қарақұрт қаптағанын айтып дабыл қақты. Талдықорғанда ер адамды қарақұрт шағып, науқас жансақтау бөліміне түскен, деп жазады stan.kz.

Желі қолданушысы талдықорғандықтарды барынша сақтанып жүруге шақырды.

“Қарақұрттар қаптады. Бүгін менің күйеуімді қарақұрт шағып алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр”, – деді видео авторы.

Болған жағдайды Жетісу облысының денсаулық басқармасы растады.

“1984 жылы туған науқас 2025 жылғы 7 маусымда қарақұрт шақты деген күдікпен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Толық тексеруден кейін науқасқа қарақұрт уына қарсы сарысу енгізілді. Қазір науқас жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Науқастың жағдайы бірқалыпты, тұрақты”, – деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ басқарма аймақтағы медициналық мекемелер қарақұрт шағуынан зардап шеккендерді дер кезінде емдеуге қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Жергілікті тұрғындар қаланың орталығында да, шекіт ауданыдарында да қарақұттар қаптап жүргенін айтты. Тұрғындар аулада ойнайтын балалалары үшін алаңдайды.

“Ынтымақта өте көп. Есік алдынан 20 шақтысын өлтірдік. Кішкентай балаларымыз бар, сұмдық! Бұларды дәрілемей ме?”, “Бүкіл Талдықорғанды дәрілеу керек”, “4 қабатта тұрамыз, үлкен қарақұрт өлтірдік”, “Әкімдік қайда қарап отыр, дәрілемей ме?!”, “Үш апта бұрын әкемді шағып алды. Жағдайы ауры болды. Шүкір, қазір беті бері қарад”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ ол жергілікті әкімдіктен қаланы дәрілеп, шара қолдануын талап етті.