Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар ауданының полицейлері Кеңдала ауылының шетінен 37 пышақ жарақатын салып, такси жүргізушісін мерт қылған күдікті ұсталды, деп жазады zakon.kz.
Талғар ауданы ПБ-ның мәліметінше, қылмыс алдын ала ойластырылған және ұқыптылықпен жасалған. Күдікті бір реттік абоненттік нөмірді, ұялы телефонды пайдаланып, тесетін және кесетін қарумен қаруланған, бос жерді әдейі таңдаған, осы жерден қашу жолдарын және марқұмның көлігін қайда қалдыруға болатынын білген.
Шабуыл жасаушының мұқият дайындалғанына қарамастан, ол Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі, «Мега» сауда үйінің маңында қолға түсті. Ол жеке себептерге байланысты кісі өлтіргенін мойындады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тұтқындау кезінде күдіктіден қан іздері бар киімі мен жиналмалы пышақ табылған.