​Талғар ауданының полицейлері кәнігі алаяқтың жымысқы әрекеттерін әшкереледі

0
819

3 зардап шегушіге 11 млн теңге шығын келтірген.


​Талғар ауданының полицейлері кәнігі алаяқтың жымысқы әрекеттерін әшкереледі

иллюстрациялық фото

Талғар ауданының полицейлері аса ірі көлемде материалдық шығын келтірді деген күдікпен 46 жастағы жергілікті тұрғынды қамаққа алды. Оның 3 зардап шегушіге 11 млн теңге шығын келтіргені анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Талғар ауданының полициясына жергілікті тұрғындардаан Б. есімді азаматтың сенімге кіріп, ірі соманы алып кеткені туралы арыз түскен. Тергеу барысында зардап шегушілер қолдарындағы барлық жиған-терген қаржыларын қымбат көліктерді арзан бағада алып беремін деп жалған уәде берген жақындарына өз қолдарымен табыстаған.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында арыз берушілер мен күдікті азаматтың өзара туыстығы анықталды. Күдікті қымбат көліктерді нарықтан төмен бағада әкелемін деген уәде беріп, 3 туысынан 11 миллион теңге алғаны белгілі болды. Өз құрбандарын сендіру үшін ол түрлі құйтырқы әрекеттерге барғанын әшкереледі. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,- деді Талғар ауданы ПБ Тергеу бөлімі бастығының орынбасары полиция капитаны Азамат Слямов.

Полиция өкілінің айтуынша, күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Алаяқтық дерегі бойынша қозғалған сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар жинақталып, іс материалдары жақын арада сотқа жолданатын болады.