Zeekr 001 электркөлігінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы бағытқа шығып кетіп, Daewoo Matiz көлігімен соқтығысқан.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп жазады tengrinews.kz.
Zeekr 001 электркөлігінің жүргізушісі Талғар-Есік тасжолында қарсы бағытқа шығып кетіп, Daewoo Matiz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Daewoo Matiz көлігінің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші есін жимай, аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қаза болған.
Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.