Талғардағы жасөспірімнің өлімі: күдіктілер Қонаевқа ауыстырылды

0
142

4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болған болатын.


Талғардағы жасөспірімнің өлімі: күдіктілер Қонаевқа ауыстырылды

Фото: almaty.tv

ERNUR.KZ. Алматы облысының Полиция департаменті Талғар қаласында 16 жастағы жасөпірімнің өліміне қатысы бар күдіктілердің Қонаев қаласына жеткізілгенін хабарлады, деп жазады inform.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыстық іс Талғар қаласынан Қонаевтағы облыстық тергеу басқармасына берілген.

- Қылмыстық іс облыстық тергеу басқармасына берілді, сондықтан күдіктілер Қонаев қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына жеткізілді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.