Танымал ақын Балтабек Нұрғалиев азан шақыртып атын өзгертті

0
2 108

Ақын өз атының әу баста азан шақырылмай қойылғанын және жаңа Қазақстанда сол олқылықтың орнын толтыруға бел байлағанын жазған.


Танымал ақын Балтабек Нұрғалиев азан шақыртып атын өзгертті

ERNUR.KZ. Билік басындағыларға ода жазумен аты шыққан Балтабек Нұрғалиев есімін ауыстырды. Ақынның жаңа ныспысы - Исламбек, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы ақынның өзі әлеуметтік желіде мәлімдеген. Ақын өз атының әу баста азан шақырылмай қойылғанын және жаңа Қазақстанда сол олқылықтың орнын толтыруға бел байлағанын жазған.

"Мен атымды қойған адамнан: "менің атым азан шақырылып қойылған ба?" деп сұрадым. Ол "жоқ" деді. Сондықтан мен бұл олқылықтың орнын толтыру үшін, тұрғызылғанына ғасыр толған мешітке барып, атымды азан шақыртып қойғызып алдым. Енді менде жаңа есім — "Исламбек". Құжат бойынша Балтабек. Ал азан шақырылуы бойынша есімім — Исламбек. Жаңа Қазақстан құру үшін адамда жаңа есім болуы керек деп шештім. Дұрыс па?", — деп жазды Балтабек Нұрғалиев.

Өзін Исламбек деп атаған ақынды әжуалап, желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

"Көктем әлі келген жоқ еді ғой. Мен білсем әлі 15 күн бар", "Байғұс бала-ай! Осы балаға 30-дан асса да, ақыл кірмеді ғой", "Атыңызды өзгерткенмен, затыңыз өзгермейді-ау", — деп жазды желі қолданушылары.