Тараз бен Шымкентте жер сілкінді

0
469

Жер асты дүмпулері сезілгенін Өзбекстанның азаматтары да жазып жатыр.


Тараз бен Шымкентте жер сілкінді

ERNUR.KZ. Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары 19 маусымда сағат 17:10 шамасында жер сілкінісі болғанын байқаған, деп жазады zakon.kz.

Бұған әлеуметтік желілерден, сондай-ақ Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтынан алынған ақпараттар дәлел бола алады.

  • Аздап тербелді;
  • 2 балл болды шамамен Таразда;
  • Бірнеше секундқа ұстады, Шымкент;
  • 5-қабатта кәдімгідей сезілді. Шымкент;
  • 5-7 секунд қандай да бір діріл болды.

Сондай-ақ, жер асты дүмпулері сезілгенін Өзбекстанның азаматтары да жазып жатыр.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 19 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 17:09-да Қырғызстанда жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 5.1. Қазақстан аумағында сезілгені туралы ресми ақпарат жоқ.