Тараз – Қаратау тас жолында қарақшылық шабуыл жасалды

0
602

​Күдіктілер шабуылды алдын ала жоспарлаған.


Тараз – Қаратау тас жолында қарақшылық шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған үш адамды ұстады, деп жазады sputnik.kz.

Жамбыл аудандық полиция бөліміне Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары арызданған. Олардың айтуынша, Тараз-Қаратау тас жолында нөмірі жоқ Lada Priora автокөлігіне мінген үш бейтаныс адам пышаққа ұқсайтын затпен қорқытып, күш қолданып, 900 мың теңгені тартып алып кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында 21, 22 және 24 жастағы күдіктілер ұсталды. Тінту кезінде олардан 794 мың теңге табылды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған.
Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, 5 жылдан 10 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.