Таразда ағасы қарындасын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

0
973

​Он жастағы жасөспірім қыздың өлі денесі қаладағы көшелердің бірінің бойынан табылған.


Таразда ағасы қарындасын ұрып өлтірді  деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Таразда 15 жастағы жасөспірім қарындасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады 24.kz.

Облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қыз зорлықпен өлтірілген. Жедел тексеру кезінде күдікті анықталып, тергеуге алынды.

Ол он бес жастағы қыздың бауыры болып шықты. Ол полицейлерге кінәсын мойындаған көрінеді. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдікті қамауға алынып, бірқатар сараптама тағайындалды.