жаз бітпей жатып жемісті ағаштардың қайта гүлдегені бұрын байқалмаған.
ERNUR.KZ. Таразда жемісті ағаштары екінші рет гүлдеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Жамбыл облысында тамыздың орта шеніне дейін созылған аптап ыстық тосын сыйлықтарын ала келді. Биыл жеміс берген алма, алмұрт, шие ағаштары тағы гүлдеді.
«Меніңше, мұндай жылдам вегетация – жауын-шашыны қосарлана келген ерекше ыстық ауа райының салдары. Ағаштардың қайта гүлдеуі бізде жиі байқалады, бірақ ол әдетте күздің аяғында, қараша, желтоқсан айларында болады». Күн шуағын төксе, қыста да гүлдеуі мүмкін. Бірақ жаз бітпей жатып жемісті ағаштардың қайта гүлдегенін көрген емеспін», - дейді биолог Наталья Гончарова.
Ғалымның айтуынша, көктемде немесе жазғытұрым жарылуға үлгермеген бүршіктер жарылады. Соның арқасында ағаш екінші рет гүлдейді екен. Осы процесті жаңбырлы ыстық климат жылдамдататын көрінеді.