Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген

0
482


Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген

Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Таразда ондаған мың жүргізушіге заңсыз айыппұл салынып келген. Олардың төлеген айыппұлдың жалпы сомасы 345 миллион теңгеден асады. Прокуратура тексере келе жол белгілерінің заңсыз орнатылғанын анықтады, деп жазады Stan.kz.

Прокуратура тексерісіне сәйкес, айыппұлдар заңға сай келмей салынған. Мұнда жеке қателіктер үшін емес, мыңдаған тұрғынға бірдей айыппұл салынған. Нәтижесінде олардың құқықтары бұзылып, жалпы сомасы 345 миллион теңгеден астам айыппұл шыққан

Нalyqstan Telegram арнасының мәліметінше, Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды. Камералар жылдамдықты жазып, жүргізушілерге айыппұлдар келіп, олар төлеген. Бірақ белгі заңсыз болуы мүмкін екенін білмеген.

Қала тұрғыны Рустенбек Әмірзахов прокуратураға арызданғаннан кейін тексеріс жасалды. Белгі келісімсіз және жол жағдайын ескермей қойылғаны анықталды. Сондықтан жүргізушілер заңсыз шешім бойынша жазаланған. Тек бір учаскеде 32 260 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 345 349 309теңге болған.

Белгі кейін алынғанымен, шыққан қаулылар күшінде қалды. Ал айыппұл төленген қаражат жүргізушілерге қайтарылған жоқ.

Тараз тұрғыны Светлана Бояркина айыппұлын сот арқылы алып тастауын сұрап, жеңіске жеткен. Сот жол белгілерін орнатқанда заң талаптары сақталмағанын анықтады. Полиция сот шешіміне шағымданбаған.

Алайда бұл тек жеке жағдайларға ғана қатысты. Басқа жүргізушілер әлі де заң бұзушы болып есептелуде және айыппұлдардың заңсыз екенін білмейді. Қазір полиция заң бұзушылықтарды түзетуі және прокурорлық тексеру актісін қарауы керек. Соның ішінде қаражатты қайтару мәселесі де бар.

Полиция жол белгілерін әкімдік орнататынын, ал әкімдік бұл жұмыстар полицияның тапсырмасы бойынша жасалатынын айтты.

Әзірге жүздеген миллион теңгенің жүргізушілерге қайтарылуы мен оны қай органның қайтаратыны белгісіз.


Бөлісу